27 Маусым, 2015

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі №9

299 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы  сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы 1. Елдің экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңғыруын ақпараттық қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпарат құралдарының елеулі рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Пре­зи­дентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлық­тарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жө­ніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымдарын қарай келіп: Қазақстан Республикасы Президентінің Бұқаралық ақ­па­рат құралдары саласындағы сыйлықтары берілсін: Жанболат Әлиханұлы АУПБАЕВҚА – «Егемен Қазақ­стан» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторына – Ұлы Отан соғысындағы Же­ңістің 70 жылдығына арналған материалдар топтамасы және ұлт­тық бұқаралық ақпарат құрал­дарын дамытуға қосқан зор шығар­машылық үлесі үшін; Алексей Владимирович ПАНҒА – «Экспресс-К» газеті» жауап­кершілігі шектеулі серік­тес­тігінің бас директорына (марқұм) – елдің ақпараттық кеңістігі деңгейін өрістетуге бағытталған қыз­меті, отандық журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін; Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің бұқаралық ақпа­рат құралдары саласындағы грант­тары тапсырылсын: Зарица Георгиевна ЕСЕКЕЕ­ВАҒА (Зарина Мұха­ме­дәліге) – «Арша» медиастудиясының продюсеріне – республиканың әлеу­меттік-экономикалық дамуы және моноқалаларын мемле­кеттік қолдау туралы «24 KZ» телеарнасындағы «Большие города» – «Дархан қала» атты авторлық жобасы үшін; Ринат Думанұлы КЕР­ТАЕВ­ҚА – «Хабар» агенттігі акцио­нер­лік қоғамы «Хабар» телеарна­сы Бағдарламалар өндірісі дирек­ция­сының бас продюсеріне – қазақ­стандық телевизияны дамытуға қосқан шығармашылық үлесі үшін; Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы жариялансын: «Достық-Дружба» рес­пуб­ликалық қоғамдық-саяси жур­на­лының шығармашылық ұжы­мына – қазақстандық патрио­тизмді қалыптастыруға, қоғамдағы этносаралық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін; «Жетісу» өңірлік қоғамдық-саяси газетінің шы­ғармашылық ұжымына – өңірде мемлекеттік бағ­дар­ламалардың орындалу барысын терең әрі жан-жақты жариялап-көрсеткені үшін; «Қазақстан» ұлттық теле­арнасының шығар­ма­шылық ұжы­мына – мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылу барысын белсенді жариялап-көрсеткені және отан­дық ақпараттық кеңістікті өріс­тетуге қосқан зор үлесі үшін; «Астана» радиосындағы «Көк­жиек» және «От и до» бағ­дар­ламаларының шығармашылық ұжымына – маңызды мемлекеттік бағдарламалардың Еуразиялық экономикалық одақтың кызметі аясында жүзеге асырылу барысын жариялап-көрсеткені үшін; «Қазақстан Республикасы Президентінің телера­дио­кешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамының шығармашылық ұжымына – Қазақстан туралы жаңа өзекті телевизиялық жобалар жасау арқылы отандық құжаттану саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін; «Тіл» республикалық ақ­парат­тық-сараптамалық жур­на­лының шығармашылық ұжы­мына – әлеуметтік-экономикалық реформалардың жүзеге асырылу барысын, мемлекеттік тілді және ұлттық мәдениетті дамыту мәселелерін белсенді жариялап-көрсеткені үшін; «Vesti.kz» спорттық-ақпа­раттық порталының шығар­машылық ұжымына – сала­мат­ты өмір салтын кеңінен насихат­тағаны, Қазақстанның спорт жур­налистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін. 2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жария­лансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 26 маусым. №9